Солтүстік Қазақстан облысының полициясы Петропавл қаласында 52 жастағы жергілікті тұрғынның қайтыс болуына байланысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Alash.kz.
20 қарашада ер адамның денесін туыстары тапқан. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, өлімнің себебі суицид болуы мүмкін.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция мәліметі бойынша, ер адамның денесі турникке асылып тұрған жерден табылған. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенге дейін оның механикалық асфиксиядан қайтыс болғанын растаған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.