Астанада бір күн бұрын жоғалып кеткен оқушы өлі күйінде табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
24 қараша күні жасөспірімнің анасы полицияға жүгініп, қызының кешкі 18:30 шамасында үйден шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпай қалғанын хабарлаған.
Оқушыны іздеу жұмыстарына полицейлер мен еріктілер тартылып, қаланың әр аумағы мен өзен маңы мұқият тексерілді. Бірнеше сағатқа жалғасқан іздеу операциясының нәтижесінде жасөспірімнің денесі өзеннен табылған.
Полиция бұл оқиға бойынша «өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қазір қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.