Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оны ешкім ұстап отырған жоқ, қаласа кез келген уақытта кетеді: Аружан Бишімбаева ағасы Қуандық туралы тың дерек айтты

13:00, 06 мамыр 2025 1283

Қуандық Бишімбаевтың қарындасы Аружан Бишімбаева желіде ағасы жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды ALASH.KZ Dalanews.kz  сайтына сілтеме жасап.                

Аружан Бишімбаева сот үкіміндегі «азаптау» туралы баптың негізсіз екеніне сенімді. Оның айтуынша, марқұм Салтанат Нүкенованың денесінде ауыр жарақаттар тіркелмеген, ішкі ағзалары мен сүйектері де бүтін болған. Бишімбаева денедегі көгерген жерлерді «түнгі төбелестің салдары» деп бағалап, «шын мәнінде, азаптау белгілері жоқ» екенін алға тартты.

«Оны ешкім ұстап отырған жоқ, ешкім азаптаған да жоқ. Қаласа кез келген уақытта кетуге мүмкіндігі болды, бірақ басқа таңдау жасады және қателесті», – дейді Аружан Бишімбаева.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желідегі пікірлерге де наразылығын білдірді. Әсіресе, ағасын маньякқа теңеп, сериялық қылмыскерлермен салыстырғандарды «жағдайды дұрыс білмейтін, басқа беттерді оқитын, эмоцияға берілген адамдар мен орынсыз фанаттар» деп атады.

Оның пікірінше, Бишімбаевтың ісі бойынша шығарылған жаза тым қатал. Сонымен қатар, марқұм Салтанат Нүкенованың отбасының қазіргі әрекетін «қаржы мақсатындағы қудалауды жалғастыру» деп есептейтінін білдірді.

Бұдан бөлек, Аружан Бишімбаева ағасының бұрынғы әйелі Назым Қаһарманға қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, Назым ешқашан ағасының тарапынан зорлық-зомбылық туралы шағым айтпаған. «Жақсы әйелден, әсіресе үш баланың анасынан ешкім ажыраспайды», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар