Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оңтүстік Корея президенті қызметтен уақытша кететін болды

16:00, 14 желтоқсан 2024 415

Оңтүстік Корея парламенті президентке импичмент жариялау туралы құжатқа дауыс берді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Парламент президент Юн Сок Ельге импичмент жариялауды қолдады.

Нақты айтсақ, импичментті 300 депутаттың 204-і қолдады, 85-і қарсы болды. 

Ережеге сәйкес, енді президент қызметінен уақытша кетуі керек. Конституция соты 180 күн ішінде оны қызметінен түбегейлі шеттету немесе өкілетін қалпына келтіру бойынша шешім қабылдауға міндетті. Президенттің міндетін уақытша премьер-министр атқарады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар