Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Онлайн несие беруді тез арада тоқтату керек! - Сәуле Әбілдаханқызы

09:46, 21 қаңтар 2025 116

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы онлайн кредит алу туралы заң өз күшін жоб керектігін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы журналист Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Алаяқтар кісі атынан несие алып, ештеңеден бейхабар аңқау елді қарызға батырып кететін оқиғалар азаймай тұр.

Осы мәселені түп-тамырымен жою үшін депутаттар, үкімет мүшелері онлайн несие беруді тоқтатып, несие алатын адам өз аяғымен банкке барып алатын заң қабылдауы тиіс.

Мысалы, Өзбекстанда несие алу оңай емес. Банк несиені оп-оңай онлайн беріп, халықты алаяқтарға байлап беріп қарап отырмайды. Тек өз аяғымен барып, өз қолымен өтініш жазып, екі гарантын апарып, қажетті құжаттарын өткізіп, өз түрін камераға түсіріп, өз қолын қойып, әрең дегенде несие алады.

Сіздер де тездетіп алаяқтар мен олармен ауызжаласқан банк қызметкерлерінің жолына осылай тосқауыл қоймасаңыздар, онда ИИ күннен-күнге дамып жатқан мына заманда хаккерлер де, алаяқтар да күннен-күнге көбейе береді», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар