Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Онлайн-казиноға соққы: Қазақстанда халықаралық желі әшкереленді

11:30, 08 желтоқсан 2025

ҚМА заңсыз онлайн-ойын бизнесіне қарсы ауқымды схеманы әшкереледі, деп хабарлайды Alash.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген шаралар нәтижесінде онлайн-казиноны қаржыландыруға бағытталған трансшекаралық төлемдердің ірі схемасы анықталды. Ақша төлем ұйымдары арқылы заңды операция ретінде көрсетіліп, шетелдік құмар платформаларына шығарылып отырған.

Қазақстанда онлайн-казиноға толық тыйым салынған. Олар салық төлемейді, клиенттерді сәйкестендірмейді, жастарды тартады және қоғамның психикалық денсаулығына зиян келтіреді.

Схемада букмекерлік кеңселермен жасалған жалған келісімдер негізінде алынған «сұр» POS-терминалдар мен Terminal ID қолданылған. Тергеу деректері бойынша, заңсыз операциялардың жалпы көлемі 600 млрд теңгеден асты.

Қылмыстық тізбекке 20-дан астам төлем ұйымы мен бірқатар екінші деңгейлі банк қызметкерлері тартылған. Сонымен қатар төрт онлайн-казиноға техникалық қолдау көрсеткен Call-орталықтың жұмысы тоқтатылды. Оның құрамында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнамнан 120 қызметкер болған.

Call-орталық ұйымдастырушылары криптовалюта арқылы қаражат айналымын жүргізіп, гемблингке негізделген серіктестік бағдарлама құрған. Оның айналымы 200 млн USDT-тен асқан.

Операция барысында 70-тен астам тінту жүргізіліп, айғақ заттар тәркіленді. Сот санкциясымен, арасында «Төлем ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басшысының кеңесшісі бар тоғыз күдікті қамауға алынды.

Шетелдік сегіз азаматты халықаралық іздеуге жариялау бойынша материалдар дайындалуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қосымша ақпарат жариялауға жатпайды.

Агенттік жеке және заңды тұлғаларды заңсыз құмар ойындарына қатысуға немесе оны ілгерілетуге қатаң жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

 

 


 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар