Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оның өліміне қатысым бар екенін мойындаймын". Бишімбаев сотта сөйлеп жатыр

13:03, 01 сәуір 2024 1156

Қуандық Бишімбаев сот отырысында марқұм Салтанат Нүкеновамен қалай танысқаны туралы айтты.

Ол "Сіздердің сезімдеріңізді түсінемін. Сіздер мені жек көрсеңіздер де, қарғасаңыздар да болады. Бірақ тағы да айтайын, бір Құдайдың алдында да жауап беруге дайынмын. Сіздердің алдарыңызда да, бәрінің алдында да жауап беруге дайынмын. Қасақана осындай іс жасайын деген ойым болған жоқ. Салтанатты сүйдім. Алайда оның өліміне қатысым бар екенін мойындаймын. Біздің ұрыс-керісіміз, сол кештегі менің әрекеттерім болмаса, ештеңе болмас па еді?! Осыған назар аударсаңыздар екен. Мені 5 ай бойы айуан деді, көзін ойып алды деді. Бәрі шындыққа жанаспайды.Кез келген жазаны қабылдауға дайынмын, бірақ өзімді қорғауым керек", - деді сотта.

Бишімбаев өзіне берілген сөз кезегінде Нүкеновамен қалай танысқанын да әңгімелеп берді.

"Мен оны инстаграм желісінде көрдім. Оған астропрогнозға барған қыз астрологтар туралы айтты. Мен қызықтым, маған астрология туралы қызық болды. Танысым Instagram-да танымал астролог деп көрсетті. Әдемі қыз екенін көрдім, Instgram-ын қарап шықтым. Оның жігіті бар екенін көрдім. 2022 жылы мамырдың аяғы еді. Танысым жігіті бар екенін, үйленгелі жатқанын айтты. ...Біраз уақыт сырттай ғана бақыладым. Бір жолы оның қабылдауына жазылғым келді. Бірақ көмекшісі онлайн түрде де, тірілей де ер адамдарды қабылдамайтынын айтты. Тамыздың аяғында сол қыз (танысы - еск.) той болмайтынын, тұрмысқа шыққалы жатқан жігітімен айрылысқанын айтты. Танысуға мүмкіндік бар екенін түсіндім. Камила деген қыздан астрологиялық болжамға жазылуын өтіндім. Ал әңгіме барысында "дос бар, оның келгісі келеді" деп айтуын өтіндім. Маған танысу, бір жағынан астрология туралы білу қызық болды. Олар достасып кеткен. Бір-біріне қыздарға қатысты оқиғаларын айта бастаған. Салтанат жігітімен айрылысқанын айтқан. Менің дос қызым "осындай ер адам бар, сені Instagram-да көрген, танысқысы келеді" деген. Камиламен телефонмен сөйлесіп жатқанда, "өзің сөйлесіп көргің келе ме, жанымда отыр" деді. Мен телефон арқылы танысып, амандастым. Салтанат "сіз келген кезде астрологиялық болжам өткізе аламын" деді. Салтанат ұзақ уақыт өткізгісі келмеді. Кейін оған тікесінен жаздым. "Шынын айтсам, болжам қызық емес, сіз маған қатты ұнап қалдыңыз, танысып көргім келеді, кешкі асқа шақырсам" дедім. Ол 1-2 күн жауап бермеді. Үшінші күні "кездесе аламыз" деді. 6 қыркүйек болуы керек, біз кездестік", - деді Бишімбаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар