Бүгін Бишімбаев жарыссөзде қылмысты жасырды деп айыпталып жатқан Байжановқа қатысты да ойын айтты. Бұған дейін Байжановқа қатысты пікірі басқаша еді, бұл жолы не айтты дейсіз ғой.
"Байжановқа келсек. Ол туралы әңгіме мүлде бөлек. Оның бұл жерде түк қатысы жоқ. Ешқанда келісім, сөзбайласу болмаған, оның кінәсі жоқ. Ол шынымен де тек менің тапсырмаларымды орындады. Мен оған (Нукеноваға) өлім қаупі төніп тұрғанын, оның жан тапсырғанын байқамадым. Мұны Байжанов та байқаған жоқ. Біздің арамызда ешқандай келісім болған жоқ, оның кінәсі жоқ", - деді Бишімбаев.