Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өңешін күйдіріп жіберген»: Алматы кафелерінің біріндегі сұмдық жағдай әшкере болды (ВИДЕО)

11:21, 27 ақпан 2026

Алматы қаласында дәмханадан тапсырыс берілген сусынды ішкен ер адам ауыр химиялық күйік алып, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, деп жазады Alash.kz. 

Зардап шегушінің туыстары бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдарына шағымданды.

Оқиғаның мән-жайына сәйкес, отбасы мүшелері «Bai Tal Kitchen» дәмханасынан тағам мен сусындар алдыртқан. Алайда «компот» құтысының ішінде жеміс шырынының орнына белгісіз химиялық еріткіш болғаны анықталды. Ер адам сұйықтықтың дәмін татқан бойда түкіріп тастағанымен, химиялық зат ауыз қуысын, бет терісін, өңеш пен асқазанын зақымдап үлгерген.

Қазіргі таңда зардап шегуші дәрігерлердің бақылауында, жағдайы ауыр деп бағалануда. Жақындары бұл жағдайды жай ғана қателік деп есептемейтіндерін, себебі сусынның орнына өмірге қауіпті улы зат жеткізілгенін айтады.

Аталған дерек бойынша полицияға арыз жазылған. Дегенмен, істің азаматтық өндіріске өтуі мүмкін екені хабарланды. Науқастың жақындары оқиғаның салдарын ескере отырып, кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар