Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өнер адамы сахна­дан уақытында кетуі керек”: Роза Рымбаева күтпеген мәлімдеме жасады

14:50, 17 ақпан 2026

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнадан қашан кететінін айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Осыған дейін ақпан айын­да өтетін есеп беру кешімнен кейін шығармашылық жолымды осы тұстан аяқтасам ба деген ой кел­ді. Мүмкін елу жыл да жеткі­лік­ті шығар деп ойладым. Жоқ, мен ешкімге ренжіген емеспін. Сах­нада жүрген адамның уақыт өте келе жасы да ұлғаяды. Шы­ным­ды айтсам, өнер адамы сахна­дан уақытында кетуі керек деп са­наймын. Бұл – заңдылық. Алай­да түбегейлі шешім қабыл­да­мас бұрын, әуелі алдағы концерт­терім­ді беріп көрейін дедім. Оның үстіне, мен қазірдің өзінде үнемі ха­лық алдында, концерттен қол үз­ген жан емеспін. Өнер иесі сах­на­дан дауысы саңқылдап, бойы құл­пырып тұрған шағында кет­ке­ні дұрыс шығар деп ойлаймын...,- деді Роза Рымбаева Aiqyn газетіне берген сұхбатында.

Өнер иесінің айтуынша, сахнадан кетемін деген ой - түпкілікті шешім емес.

“Осы хабар тарағаннан кейін әлеуметтік желілерде оқыр­ман­дарым мен әріптестерімнен көп­теген хат келіп жатыр. Бірақ бұл «мүмкін» деген сөз екенін айт­қым келеді, яғни түпкілікті шешім емес. Мұны уақыт, денсаулық жә­­не дауы­­­­сымның сол қалпын­да­ғы сапасы көрсетеді. Себебі адам­ның жасы ұлғайған сайын фи­зио­ло­гия­лық өзгерістер де қатар жү­­­реді. Дауыс­тың да уақыт өте өз­­геретіні бар. Мәселен, тоғыз жыл­дан кейін 60 жылдық мерей­тойым­ды өт­кіз­сем, бұл кезде жа­сым сексенге таяп қалады екен. Сол уақытта дауысым да, келбетім де бүгінгідей бол­май­тыны анық. Сон­дықтан әзірге өзі­ме бес жыл уа­қыт бердім. Ал сол межеден кейін­гі жолды уақыттың өзі көр­се­те жатар...”,- деді өнер иесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар