Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оңай олжа. Жалған долларды теңгеге айырбастамақ болған 21 жастағы жігіт ұсталды

Оңай олжа. Жалған долларды теңгеге айырбастамақ болған 21 жастағы жігіт ұсталды

Ақмола облысының тұрғыны жалған долларларды банкте  айырбастамақ болған, деп хабарлайды  Alash.KZ Azattyq Rýhy порталына сілтеп. 

«21 жастағы ер адам Халық банкі филиалына келіп, 1 мың АҚШ долларына тең 10 жалған купюраны айырбастамақ болды. Банк қызметкерлері банкноттардың жалған екенін бірден анықтап, құқық қорғау органдарына хабарлады», — делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл бап жалған ақша немесе бағалы қағаздарды дайындау, сақтау, тасымалдау және айналымға енгізу бойынша жауапқа тартуды қарастырады.

«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сараптама банкноттардың нақты қайдан шыққанын және қаншалықты жалған екенін анықтайды», — дейді полиция өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар