Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімовтің келіні, Сағи Әшімовтың жары Селімхан Ізімқызы өмірден өтті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Қайғылы хабарды Бағдат Әшімова желідегі парақшасында хабарлады.
“Асылымнан айырылып отырғанда, көз жасымызды азайта алмай, жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады. Сағидың жары, екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды. Ансарым мен Майрамның көз жасын сүрту, қайғыда қасында болу, өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес. АЛЛА енді жылатпасын... Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын”,- деп жазды ол.