Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өмірбойына сотталды: Ақтауда қыз зорлаған бес жігітке үкім шықты (Видео)

11:01, 31 қаңтар 2025 513

Ақтау қаласында зорлық-зомбылық пен адам өліміне әкелген қылмыстық іс бойынша апелляциялық соттың шешімі жарияланды, деп жазады Alash.KZ.

 29 жастағы Алина Серікованы ұрлап, зорлаған бес кісіге қатысты алғашқы сот үкіміне марқұмның туыстары наразылық білдіріп, апелляцияға жүгінген еді.

31 қаңтарда сот басты айыпталушы Нұргелді Сейітқалиевті өмір бойына бас бостандығынан айырды. Қалған төрт айыпталушыға да ұзақ мерзімді жаза тағайындалды:

  • Еркебұлан Аманқос – 16 жыл

  • Аралбай Мерей – 13 жыл

  • Дархан Құлбас – 13 жыл

  • Қуаныш Үсенғали – 13 жыл

Сонымен қатар, сот марқұмның отбасына моральдық және материалдық шығындарды өтеу үшін 30 миллион теңге төленуін тапсырды.

Алина Серікованың өліміне әкелген бұл қылмыс қоғамда кеңінен резонанс тудырды. Оның туыстары соттың әділ шешім шығаруын талап етіп, басты айыпталушыға ең ауыр жаза тағайындалуын сұраған еді. Бұл іс Қазақстандағы гендерлік зорлық-зомбылықпен күрес мәселесін қайтадан күн тәртібіне көтерді және қоғамдық пікірдің назарын осы мәселеге аударды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар