Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өмірбойына сотталды" - Алматыда ер адам әйел мен 6 жасар қызын шойын қазанмен ұрып өлтірген

12:20, 25 желтоқсан 2025

Алматы қаласының тұрғыны әйел адам мен оның 6 жасар қызын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазады Alash.KZ.

Сот деректеріне сәйкес, ер адам жәбірленуші әйелмен шамамен алты айдай таныс болған. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде ол әйел мен оның қызын соққыға жыққан. Әйел алған ауыр жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Оқиға барысында әйелдің анасы да зардап шегіп, бірнеше операциядан кейін аман қалған.

Ал 6 жасар қыз бала анасының қаза болуына және әжесіне жасалған шабуылға куә болған. Ол жасырынуға тырысқанымен, қаскүнем оны тауып, соққыға жыққан. Бүлдіршін бірнеше күннен кейін қайтыс болды.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындамаған. Алайда оқиға орнындағы заттардан оның саусақ іздері табылған.

Сотта ер адамның бұған дейін де адам өлтіргені үшін сотталғаны, жазасын өтеп шыққаннан кейін шартты түрде бостандыққа шыққаны анықталды.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар