Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Қазақстан Халық партиясының атынан депутаттықтан үміткер ретінде ресми тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.
Саяси ұйымның XXV кезектен тыс съезінде сөз сөйлеген өнер иесі үлкен саясатқа келу туралы шешімді нық қабылдағанын мәлімдеді.
Көпшілігіңіз мені бала күннен бері сахнадан көріп, өнерімді тамашалап, кинодағы рөлдерімді таныдыңыздар! Жылдар бойы шығармашылықпен айналысып, еліміздің мәдениетін дамытуға өз үлесімді қосып келдім. Алайда, соңғы жылдары өмір маған жаңа белестің есігін айқара ашты. Мүмкін, уақыт өте келе азамат ретінде есейген шығармын. Мүмкін, елдің мұң-мұқтажын сырттан бақылап отыруға төзімім жетпеген болар. Қалай болғанда да, мен бүгін үлкен саясатқа қадам басуға бел будым.