Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олжас Бектенов: «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруда шикіліктер бар

04:48, 20 ақпан 2024 372
Бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды.

Премьер-Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ел үшін маңызы зор, оның арқасында үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер проблемалары шешілуі тиіс.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруда белгілі бір шикіліктер де бар екенін атап өткен жөн. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық жобаны іске асыру барысын, әсіресе жер учаскелерін бөлу және жобалық құжаттаманы кешіктіру мәселелерін әділ сынға алды. Үкіметке барлық проблемаларды тез арада жоюды тапсырды.Олардың барлығы жаңа мектептерге аса мұқтаж өңірлерде салынуы қажет. Оның үстіне, жайлы мектептер атына заты сай, оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Олар қауіпсіз және сапалы білім беру ортасына айналуы керек», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының айтуынша, аталған мектептер әу бастан цифрлық камералармен жабдықталып, полицияның Жедел басқару орталықтарына жалғануы тиіс. Оған қоса жаңа, интерактивті оқыту әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін жылдамдығы жоғары интернет жүргізілуі керек.

Оның сөзінше, ұлттық жобаны іске асыруда белгілі бір шикіліктер де бар. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы учаскелерді бөлу және жобалық құжаттаманы әзірлеу қарқынын сынға алды. Осыған байланысты барлық проблеманы қысқа мерзімде жою тапсырылды.
«Құрылыс материалдарын, жабдықтар мен жиһаздарды сатып алу ісіне барынша отандық өндірушілерді тарту қажет. Жалпы Мемлекет басшысының жаңа форматтағы мектептер салу туралы тапсырмасын орындау үшін бар күшімізді жұмылдыруымыз керек», – деді Премьер-Министр.

Оған қоса Үкімет басшысы объектілер ашылғаннан кейін бірден нақты жоспарлы оқу процесін ұйымдастыру үшін салынып жатқан мектептерді алдын ала педагог кадрлармен қамтамасыз ету керектігін айтты.

«Біз Ұлттық жобаны іске асыру барысын маусым айында қайта қараймыз. Егер жұмыс тәсілі өзгермесе, жауапты тұлғаларға қатаң шаралар қолданылатын болады», – деп түйіндеді Олжас Бектенов.

Фото: primeminister.kz
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар