Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Олжас Бектенов жалпы құны $2,5 млрд болатын келісімге қол қойылды

12:41, 04 қараша 2024 484

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Шанхай қаласында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен келіссөздер өтеді, VII Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысу жоспарланған.

Жұмыс сапардың басты мақсаты – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы екіжақты тауар айналымы көлемін өткен жылғы $41 млрд деңгейіндегі тарихи рекордтан екі есеге арттыру жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асыру.

Дөңгелек үстел жұмысына металлургия, энергетика, машина жасау және автомобиль өнеркәсібі, көмір химиясы, агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және басқа да салалар бойынша көшбасшы компаниялар өкілдері қатысты.

Экономиканың басым салаларында бірлескен жобаларды дамыту перспективалары қаралды. Кездесуге қатысушылар ҚР мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық әріптестік артып келе жатқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда 5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеп келеді. 

Қазақстан-Қытай бірлескен ірі жобалары қатарында Camc Engineering компаниясымен бірлесіп кальцилендірілген сода өндіру зауытын, Tianjin Cement Industry Design and Research Institute-пен «Састөбе» химиялық кешенін және Yunnan Industrial Explosive Group-пен жарылғыш заттар өндіру зауытын салу жобасы бар. Қуаты 90 мың бірлікті құрайтын, толық шағын торапты құрастыруға негізделген CHANGAN, HAVAL, CHERY автокөліктерін шығаратын зауыт құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ Geely, Exeed, KAIYI жеңіл автомобильдерін өндіру бойынша 1 мың жұмыс орнын құра отырып, $150 млн сомаға инвестициялық келісім жасалды. Жобалар жоғары сапалы отандық өнім өндіруге қабілетті технологиялық кәсіпорындар құруға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер, екі елдің бизнес-қауымдастықтарының пікірінше, екіжақты әріптестіктің орнықтылығы мен өнімділігін растайды.

ҚР Үкіметінің басшысы аталған бағыттағы бірлескен жұмыс жалғасып жатқанын, сауда қатынастарының қолда бар әлеуеті тауар айналымын одан әрі әртараптандыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту келешегін көрсететінін атап өтті.

«Бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастық жоғары қарқынмен дамып келеді. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес, біз жақын арада өзара сауда көрсеткіштерімізді екі есеге арттыруға ниеттіміз. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда зор әлеуеті бар. Біз өзара іс-қимылдың жаңа көкжиектерін ашып, ынтымақтастықтың тиімділігін бірге арттыра аламыз. Бұған қол жеткізу үшін транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны нығайту және біздің іскер топтар арасында байланыс орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуі қажет. Қазақстан Үкіметі әріптестікті кеңейтуге және мемлекеттеріміз арасында берік көпір құруға дайын. Біз инвесторларға қолдау көрсетіп, бизнеске қолайлы жағдай жасаймыз және әр жобаның табысты болуына ықпал етеміз. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жаңа инвестициялық бастамалар экономиканың нақты секторын дамытуға, оны әртараптандыруға және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға қуатты серпін беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр өнеркәсіпті дамыту ел үшін маңызды басымдық екеніне тоқталып, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды.

Өз кезегінде, диалог барысында Қытайдың жетекші компаниялары өкілдері Қазақстанға стратегиялық жобаларды іске асырудағы сенімді серіктес ретінде қызығушылық танытты.

China Huadian Corporation компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы мүшесі Цзу Бинь өз сөзінде Қазақстанмен энергетика саласындағы, оның ішінде шығарындыларды азайту жөніндегі ынтымақтастықты кеңейту туралы; SUN Energy Investment бас директорының міндетін атқарушы Янь Гочун Қазақстандағы алғашқы көмір химиясы кешенін іске қосу жоспары туралы хабардар етті; Beijing Jianlong Heavy Industry Group директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Чжисян – болат өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту туралы; Zijin Mining Group директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзинхэ – геологиялық барлау және сирек жер кендерін өндіру саласындағы жобаларды іске асыру жоспары туралы айтты.

CP Pharmeceutical Group вице-президенті Се Лэй – медицина саласында кластер құруға инвестиция салу туралы; Beiqi Foton Motor бас директоры У Сибинь – Қазақстанда автомобиль жасау саласындағы өндірісті локализациялау туралы; ACRE инженерлік-консалтингтік компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ян Чжуни технологиялар трансферті бөлігіндегі өзара іс-қимыл туралы; Sinotruk International бас директоры Чжао Хуа Қазақстанда жоғары сапалы автомобиль жүк техникасын өндіруді локализациялау жоспары туралы хабарлады.

Darwin Biotech Co., Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Чэнь Цзяньхуэй өсімдік шаруашылығы саласындағы қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту ниетімен бөлісті; Fujian Hengwang Investment (металлургия) басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцзян Жамбыл облысында өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспары туралы баяндады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар