Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлім себебі анықталуда”. Қайғылы хабар: Байзақ ауданында 16 жастағы студенттің мәйіті табылды

11:24, 10 қараша 2025

Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында 16 жастағы студент өлі күйінде табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, №16 Байзақ колледжінде оқыған жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Бірнеше күн бұрын ол әкесінің көлігін бұзып алғаны белгілі болды. Кейін сарайлардың бірінен мәйіті табылған.

Көршілері мен таныстары отбасының жағдайы жақсы екенін, ата-анасының жұмысы бар екенін жеткізген. Отбасындағы үлкен балалар жоғары оқу орындарында білім алса, кенже қыздары мектеп оқушысы.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар