Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өлім себебі анықталуда”. Маңғыстау облысында із-түссіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйел өлі табылды

10:46, 15 ақпан 2026

Маңғыстау облысында екі аптадан бері хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы әйел өлі күйінде табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, із-түзсіз жоғалғандар санатында тіркелген азаматшаның денесі анықталған.

Lada хабарлауынша, өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Сондай-ақ қаза болу жағдайлары мен зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы да сараптама қорытындысымен нақтыланады.

Еске сала кетейік, әйел 30 қаңтарда із-түссіз жоғалып кеткен. Қазір аталған дерек бойынша барлық мән-жай анықталып, тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар