Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өлгеннен кейін емес, тірі кезімізде айтайық»". Тоқтар Серіков Тұрсынбек Қабатов жайлы ел назарын аударар маңызды әңгіме айтты

21:46, 13 ақпан 2026

Тоқтар Серіков Тұрсынбек Қабатовтың концерті кезінде пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Танымал әнші Тоқтар Серіков әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке концертінде сөз сөйлеп, оның жеке өміріне қатысты пікір білдірді.

Өнер иесі халықты досына түсіністікпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, қоғамда танымал тұлғаларға қатысты айтылатын әңгімелер кейде олардың жанын жаралауы мүмкін.

«Өлгеннен кейін емес, тірі кезімізде бір-бірімізге жақсы сөз айтайық», – деді Тоқтар Серіков.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл пікірге әртүрлі көзқарас білдірді. Бірі әншінің байыптылығы мен қолдауын құптаса, енді бірі Тұрсынбек Қабатовтың әрекетін ақтауға болмайтынын жазған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар