— Біріншіден, қоғамымыздағы жікке бөлінушілік тереңдеп кетпеуі үшін ең алдымен не істеу керек? Мен қазір өз отандастарының тағдыры бойынша шешім қабылдағандардың барлығына өтініш айтқым келеді. Шешім қабылдағанда, бұл сіздің отандастарыңыз екенін бірінші орынға қоюыңыз керек. Олардың орнында сіз де болуыңыз мүмкін, олар да сіздің орныңызда болуы мүмкін. Бірақ бұл сіздің халқыңыз. Сізде басқасы жоқ. Сондықтан, сіз шешім қабылдай отырып, кінәсіз адамды әділетсіз соттап жатқанына сәл де болсын күмәндансаңыз, оны сіздің отандастаңыз болып табылатын жақын адамның пайдасына қарай дәлелдеңіз. Сізде одан басқа жақын адам жоқ. Бірде-бір француз, бірде-бір американдық сізбен бірге бір елде тұратын адамнан жақын бола алмайды. Біздің мақсаттарымыз бір, балаларымыз бір елде тұрады. Сіз де осы елде тұруды жоспарлап отырсыз. Біз бәріміз балаларымыз лайықты елге ие болуы үшін мемлекетіміздің жақсы жаққа өзгергенін қалаймыз. Осыны еске сақтағанымыз жөн, — деп пікір білдірді Мұхтар Жәкішев.
Оның ойынша, елімізде «Қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты орын алған жағдайларға бейбіт митингіге шыққан отандастарымызды жаппай кінәлап, оларға «террорист» деген ауыр айып тағу дұрыс емес.
— Қазір баспасөз беттерінде елімізде жаппай азаптау орын алып жатқаны, бейбіт митингіге шыққан адамдарды террористер санатына ауыстырып жатқаны және т.б. туралы көп ақпарат бар. Бір нәрсені есіңізге сақтаңыз, бұл ешкімге қажет емес! Қазір сіз террорист ретінде көрсеткіңіз келетін адамдар әріптестеріңіздің өліміне, орын алған оқиғаларға кінәлі емес. Бұған нағыз зұлымдық деп алатын үшінші күш кінәлі. Ал наразылық білдірушілер мен тәртіп сақшылары тарапынан зардап шеккен адамдар, шын мәнінде осы үшінші күштің қырғынға, өлімге берген зеңбірек еті… Себебі құқық қорғау органдарының құрбандары болмаса, ол қандай бүлік ? Сондықтан оларға өз жоспарларын жүзеге асыру үшін құрбандық қажет болды. Тәртіп сақшылары тарапынан да, бейбіт тұрғындар тарапынан да. Түсініп отырсыз ғой. Олар сіздің жауларыңыз емес екенін өте жақсы түсінуіңіз керек. Бұл сіздің отандастарыңыз. Сондықтан сізге қандай қарым-қатынас жасағанын қаласаңыз, сізде оларға сондай қарым-қатынас жасаңыз. Менің осы бір тілегім біздің қоғамымызды, біздің ұлттық идеямызды нығайтып, алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Өйткені реформа үшін бізге топтасу керек. Бұл топтасу кез келген жағдайда бірінші қадамнан бастау алады. Осы алғашқы қадамды жасайық. Себебі, бүгін жіберілген кез келген әділетсіздік түбі міндетті түрде ашылады және болашақта еселеп көбейеді. Болашақ тағы да бір жарылыстың себепкері болуы мүмкін. Мұны қазір отандастарымыздың үстінен тергеу жүргізіп, олардың тағдыры туралы шешім қабылдағандардың бәрі түсінуі керек, — деді Мұхтар Еркінұлы.
https://youtu.be/6bc1QIGm018