АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтонның Украинаға Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды беруге ниетті еместігін, себебі бұл қару-жарақ Американың өзіне қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Киевке әскери көмектің жаңа айдарларын жөнелтуге қатысты сауалға жауап берген Америка басшысы қазіргі уақытта Құрама Штаттар өздерінің әскери қорын қайта толтырумен айналысып жатқанын жеткізді.
Трамптың сөзінше, Джо Байден бастаған бұрынғы билік Украинаға шамамен 300 миллиард доллардың қару-жарағы мен оқ-дәрісін үлестіріп жіберген, салдарынан американдық арсенал айтарлықтай жуасып қалған.
Осы жағдайға байланысты АҚШ Президенті: «Мен бұл лауазымнан кеткенде қоймалар лық толы еді. Байден олардың басым бөлігін таратып жіберді. Енді біз қорларды қайта қалпына келтіріп жатырмыз. Олар бізге де керек», – деп кесіп айтты.