Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Олар бізді алдап соқпаса болды". Зеленский мен Трамп телефонмен сөйлесті

"Олар бізді алдап соқпаса болды". Зеленский мен Трамп телефонмен сөйлесті

Бұл жолғы тілдесу Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуге сапарынан кейін болды, деп жазады Alash.KZ.

«Біздің әріптестерімізбен бірге ұстанған ұстанымыз айқын. Ол – соғысты тоқтату. Соғыс әділдік шеңберінде тоқтауы тиіс. Тілдесуге еуропа көшбасшылары да қатысты. Қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамын. Біз Мәскеуде айтылған мәселелерді талқыладық», – деді Зеленский видео үндеуінде.

Зеленскийдің сөзінше, Мәскеуде айтылған мәлімдемелерге қарағанда, Ресей атысты тоқтатуға ниетті.

«Оларға жасалған қысым әсер етіп жатыр. Ең бастысы олар бізді алдап соқпаса болды. Бізді де, АҚШ-ты да», – деді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 4
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар