Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ол түрмеден шыққан кезде 68 жаста болады". Айтбек Амангелді Бишімбаевтың үкімі туралы сөйледі

13 мамыр 2024 1003

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевқа тағайындалған жаза туралы ойын айтты, - деп хабарлайды alash.kz.

"Бұл біз шамамен болжаған мерзім болды. Ол түрмеден шыққан кезде 68 жаста болады. Бұл өмір бойына сотталумен тең. Түрмедегі жағдайды ескерсек, ол бұл жасына дейін өмір сүретіні екіталай", - дейді Айтбек Амангелді. 

Еске салайық, бүгін Бишімбаев ісіне қатысты соңғы сот отырысы өтті. Үкім бойынша Бишімбаев 24 жыл, Байжанов 4 жылға сотталды. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?