Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ол кезде бұл көп-көрім ақша болатын". Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жалақысы жайлы айтып, көпті таң қалдырды

11:38, 07 наурыз 2026

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева Қазақконцерт ұйымындағы жұмысы үшін 100 мың теңге жалақы алады. Бұл туралы әнші «Замандас» подкастына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Аlash.kz.

Курсив порталының жазуына қарағанда, Рымбаеваның 1979 жылдан бері Қазақконцертте жұмыс істеп келеді. Ол жерде өзінің арнайы студиясы бар. Зейнетке шыққанға дейін әншінің жалақысы 200 мың теңге болған, зейнетақы алғалы бері 100 мың теңге жалақы алатын болған.

«Қазақконцертте жоспар бойынша жалақыға жұмыс істейміз. Міндетті жоспарды орындау керек. Кеңес үкіметі кезінде 300 рубль жалақы алатын едік. Ол кезде бұл кәдімгідей ақша болатын», – деді әнші.

Бұдан бөлек, жеке келісілген шараларға барғаны үшін де ақша алып отыратын айта кетті.

Еске сала кетелік, осыған дейін Роза Рымбаева сахнаға шыққанына 50 жыл толуына орай өткізген концертінен түскен қаражатты мүгедектігі бар балаларды қолдауға жіберетінін мәлімдеген. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар