Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ойнаймын деп жұқа мұздың үстінде сырғанап, батып кеткен". Алматы облысында төрт жасөспірім суға кетіп, біреуі қаза тапты

11:00, 03 қаңтар 2026

Бүгін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Жамбыл ауданына қарасты Ұмбетәлі ауылындағы су қоймасында жасөспірімнің суға батқаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ мен ҚР РЖҚЖ құтқарушылары жеткен. Алайда жасөспірімдердің бірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

ТЖД мәліметінше, төрт жасөспірім ойын барысында жұқа мұздың үстіне шығып, абайсызда суға құлап кеткен. Оқиға куәгері болған балықшы дереу әрекет етіп, үшеуін судан шығарып үлгерген. Өкінішке қарай, төртінші жасөспірімді құтқару мүмкін болмады.

Қаза тапқан жасөспірімнің денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға, жұқа мұздың үстіне шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар