Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Өгей әкесінен зорлық көріп келген” - Павлодардағы 10 жасар қыздың оқиғасы туралы сұмдық ақпарат шықты

20:29, 18 желтоқсан 2025

Павлодар облысында 10 жасар қызды зорлаған өгей әкесі ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға 2020 жылы орын алған. Жәбірленуші ол кезде 10 жаста болған. Қыз бала соқыршек диагнозымен ауруханаға түскен шақта оның жыныстық зорлық-зомбылық көргені анықталған. Кейін, жәбірленуші бұл жайт туралы өз әкесіне баяндап беріп, полицияға жүгінген. Тергеп-тексеру барысында қыз баланың анасымен бірге тұратын өгей әкесі кінәлі деп танылды. Іс жабық сот отырысында қаралды.

"М. есімді сотталушы жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдалана отырып, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған зорлық – зомбылық, яғни жыныстық қатынас жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сотталушы жазасын орта қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтесін!", - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар