Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Оджей ханым атанған күнім" - Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік жігітке тұрмысқа шықты (ФОТО)

16:18, 04 маусым 2026

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы әрі белгілі кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Мұхтарқызы Ұлыбритания астанасында некесін қиды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Politico.kz порталына сілтеме беріп.

Қалыңдық желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісіп, атаулы күннің қалай өткенін айтып берді.

«Тоғызыншы мамырда Лондондағы әкімдікте жақындарымыздың ортасында некемізді қидық, күн жауын-шашынды болады деген болжамға қарамастан аспан ашық болды, бұл менің ресми түрде Оджей ханым атанған күнім», — деп жазды Алтынай.

Қазіргі уақытта Лондонда тұратын 1999 жылғы бойжеткен сол жақта модельдік кәсіппен айналысады. Оның әкесі Мұхтар Жәкішев кезінде атышулы іс бойынша 14 жылға сотталып, түрмеде он бір жылдай уақыт өткізгеннен кейін 2020 жылы шартты түрде бостандыққа шыққан еді. Жалпы бұл көпбалалы әулетте Алтынайдан бөлек төрт ересек бала мен былтыр дүниеге келген тағы бір қыз өсіп келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар