Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Нурикамал” Тоқалдықты заңдастыруға барынша жанын салған екен - қоғам белсендісі

09:19, 19 қараша 2024 387

Кинотеатрларда көрсетіп жатқан тарихи фильм “Нурикамал” туралы қоғам белсендісі, фембике, Айгерім Құсайынқызы өткір пікір білдіріпті. Заңгердің бұл ойын ′98mag журналы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Нурикамал» фильмінен әйелді қорлаған не әйел ретінде намысыңызға тиген ешбір эпизод көрмесеңіз, қайғыңызға ортақпын» дейді танымал фембике, заңгер Айгерім Құсайынқызы.

Фембикенің баяндауынша, әйелдің қоғамдағы құнын көтеруге атсалысып жүргенде, бұл фильм әйелдің құнсыздануының оңай екенін көрсетті.

“Бірден айтайын, фильм бойы ашуға булығып отырдым. Бұл фильм “тоқыраудан әбден қажыған өнер адамына” деген кіршіксіз махаббат жайлы емес, жанқияр қазақ әйелінің аянышты өмірін жалпақ жұртқа жария еткен, әйел өмірі еркектің қалауы мен арманынан төмен екенін еске салған трагикомедия болды. Қазақ әйелінің құқығы мен мүмкіндігі, арманы мен ерік-жігері ерлермен тең болсын деп күресіп жүргенімізде бұл фильм әйелді құнсыздандыра түскен картина болды”.

“Бұл фильм “Ханбибінің ерлігі” деп аталуға тиіс еді”

“Режиссер бірнеше кейіпкер арқылы дәл қазір ашық алаңдар мен биік трибуналардан айтуға дәті бармайтын көнерген нарративті көлденең тартады: әйелге “мінсіз еркек жоқ, “”шыдашы енді, шыда” дейді, “міндетсінбе” дейді. Фильм соңында залдан “Бұл фильм “Ханбибінің ерлігі” деп аталуға тиіс еді” деген пікір естіп қалдым. Авторлардың көздегені де осы болса керек. Бұл фильмде ақынның әрекеті неге “ерлік” емес?”, деді заңгер Құсайынқызы.

Өнер адамы болсын, ақын болсын, әйелдің тұрмыстан бөлек әлемі құнын жоғалтпауы тиіс.

“Еркектер сіңірген түсінік бойынша, сен халқың сүйген дарынды әйел болсаң да, үйдегі ерің үшін өзіңді ұмытуға тиіссің, оның шығармашылығы үшін бәріне шыдауға міндетті адал жарсың, бірге тапқан үш қызға жалғыз қарайтын қамқор анасың. Қазақ әйелі болып дүниеге келген соң, зарың мен налың қанша тұншықтырса да, “өнер адамы” атанған жарың үшін өзіңді ұмытуың керек. Себебі сен “әйел болып жаралғансың”, деген заңгер фильмдегі инедей идеологияға қарсылық білдіріпті.

“Әйел құқығын қорғаушылар осы бір қоғам дертімен қалай күресеміз деп жүргенде тозған түсінікті дәріптейтін фильмнің шығуы қоғамға қауіп төндіреді. Маған тас лақтырсаңыз да, тырнақ астынан кір іздейтін шайпау фембике десеңіз де, шындық – осы”, деп ойын түйіндеді заңгер Құсайынқызы.  

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар