Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрбек Оралбай, Сәкен Бибосынов: Бүгін алтын бұйыра ма?

10:06, 30 шілде 2024 1540

Париж Олимпиадасында бүгін қазақстандық спортшылар спорттың бес түрі бойынша сынға түседі, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 1Bol.kz сайтына сілтеп.

Дзюдодан ерлер 81 келіде, әйелдер 63 келіде Олимпиада медальдарын сарапқа салады. Бұл сында Қазақстан намысын Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигүл Куюлова қорғайтыны белгілі.

Ал, боксшылар Нұрбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов келесі айналымға өту үшін алғашқы кездесулерін өткіщеді.

30 шілдеге арналған жарыс кестесі:

Стенд ату (трап), әйелдер. Іріктеу

  • Мария Дмитриенко
  • Басталуы: 12.00

Дзюдо, 81 кг (ерлер) және 63 кг (әйелдер). Іріктеу кезеңі және финалдық кезең

  • Абылайхан Жұбаназар, Эсмигүл Куюлова
  • Басталуы: 13.00 (іріктеу кезеңдері), 19.00 (финалдық кезең)

Жүзу, 100 метрге еркін стильде (ерлер). Іріктеу кезеңі, жартылай финал

  • Әділбек Мусин (алтыншы жүзу)
  • Басталуы: 14.17 (іріктеу), 23.30 (жартылай финал)

Бокс, 80 кг (ерлер). 1/8 финал

  • Нұрбек Оралбай - Каллум Питерс (Аустралия)
  • Басталуы: 19.18 

Садақ ату, ерлер. 1/32 финал

  • Ильфат Абдуллин
  • Басталуы: 22.03

Бокс, 51 кг (ерлер). 1/8 финал

  • Сәкен Бибосынов - Самет Гюмюш (Түркия)
  • Басталуы: 23.00
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар