Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрбек Оралбай бокстан алғашқы финалда жеңіске жетті

20:14, 30 шілде 2024 1579

Нұрбек Oралбай олимпиаданың 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Бокстан 80 келіде сынға түскен әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/8 финалда Аустралия спортшысы Каллум Петерсті 3:2 есебімен ғана жеңді.

Алғашқы раундты жерлесіміз сенімді түрде ұтқанымен, екінші раундта нокдаунға түсіп қалды. Ал шешуші раундта қос спортшы да жеңіс үшін аянып қалмай, сәл ғана басымдықпен жерлесіміздің бағы жанды.

Ширек финал 2 тамызда өтеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?