Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрай Серікбайдың қазасы: Апелляциялық сот үкімді өзгертті ме?

16:01, 24 қыркүйек 2026

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сотталушы Шерхан Аймаханға кесілген өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот Шерхан Аймаханды бойжеткенді аса қатігездікпен өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім еткен еді. Кейін жәбірленуші және сотталушы тараптың адвокаттары аталған үкімге апелляциялық шағым түсірді. Сот отырысында жәбірленуші тарап моральдық зиян өтемақысын 25 миллион теңгеден 10 миллиард теңгеге дейін арттыруды сұрады. Ал сотталушының қорғаушылары Аймаханды сталкинг бабы бойынша ақтауды және «аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабын жеңілдетіп, жай «кісі өлтіру» бабына қайта саралауды өтінді. Өз кезегінде мемлекеттік айыптаушы бірінші инстанция шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырып, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған болатын. Сот алқасы іс материалдарын қарап, үкімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге ешқандай негіз таппады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар