Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрай Серікбайды өлтірген Шерхан Аймаханның қорғаушылары сот шешіміне қарсы шығып, шағым түсірді

12:54, 29 тамыз 2026

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтіру ісі бойынша сот үкіміне апелляциялық шағым берілді. Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Шерхан Аймаханның қорғаушылары сот шешіміне шағым түсірген, деп жазды  Alash.kz.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың өкілі Аянхан Омаров мәлімдеді. Енді істі апелляциялық сатыдағы сот қарайды.

Қорғау тарапы апелляциялық шағымында қандай уәж келтіргені және нақты қандай шешімге қол жеткізуді көздейтіні әзірге айтылған жоқ.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте болған. Тергеу мәліметінше, Шерхан Аймахан қызды дүкен маңында аңдып, оған пышақ жарақатын салған. Нұрай Серікбай алған жарақаттарынан көз жұмған. Күдікті көп ұзамай ұсталған.

Бұған дейін сот Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Енді бұл шешімнің заңдылығы мен негізділігін апелляциялық сот қарайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар