Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"НСД төлемейді": Перуашев Temu мен AliExpress- ке шүйлікті

17:28, 26 ақпан 2025 130

Депутат Азат Перуашевтың айтуынша, біздің ел Temu мен AliExpress сияқты Қытайдың онлайн-алаңдары үшін жұмақ мекенге айналған. Олардың бюджетке қосатын үлесі жоқтың қасы, солардың кесірінен отандық бизнес те сорлап отыр, дейді Alash.KZ. 

Депутаттың мәліметінше, шетелдік платформалар 200 еуроға дейінгі тауарды кедендік төлемнен босататын ережені пайдаланып, НСД мүлде төлемейді. Есесіне, қазақ кәсіпкерлері 16,3 пайыздан 62 пайызға дейінгі салық ауыртпалығын арқалауға мәжбүр.

Перуашев "2023 жылы дәл осы шетелдік компаниялардың НДС төлеуден жалтаруы салдарынан ел бюджеті 60 миллиард теңгеден астам қаражаттан қағылды" деген дерек келтірді.

Депутат бірнеше ұсыныс айтып отыр. 

Біріншіден, Қазақстан нарығында жұмыс істегісі келетін шетелдік маркетплейстерді біздің салық органдарына міндетті түрде тіркеуді талап ету керек.

Екіншіден, олар еліміздегі тұтынушылардан түскен кірістеріне НДС және басқа да төлемдерді рәсімдеуі тиіс.

Үшіншіден, отандық электронды сауданы қолдау шараларын кеңейтіп, халықаралық төлем жүйелерімен бірлесіп жұмыс істеуге, қызмет пен логистиканы жеңілдетуге жағдай жасау қажет.

"Мұндай қадамдарды қолға алмайынша, қазақтың кәсіпкерлері еңсе тіктей алмайды. Шетелдік бәсекелестер аса жеңіл талаппен нарық үлесін ұлғайта береді", - дейді Перушаев.

Оның ойынша, мемлекет сыртқы платформаларға да нақты салық міндеттемесін жүктесе, бюджет кірісі артып, әділетсіздік азаяр еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар