Журналист Мәриям Әбсаттар несиеге курс оқитындарды сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Журналист желіде қыруар қаржыны курс үшін шығындап жатқандарды сынға алды:
"900 мың кредит алып, курс оқып жатырмын", - деген келіншектің сөзін естіп талып қала жаздадым.- Ойбай, миллион тым қымбат емес пе? - деппін сасқанымнан.Сөйтсем, не дейді десеңізші.- Бұл курс осыдан бір апта бұрын 700 мың болған, сол кезде менің миым ондай бағаны қабылдамаған болатын. Енді қазір мен 900 мыңды нормальный қабылдап тұрмын. Значит ол маған 10 млн, 100 млн боп қайтады кейін", - деді.Ал мен болсам, "ол қалай қайтады?" - деп әлі түсіне алмай жүрмін. Себебі ол келіншек ешқандай жұмыс істемейді, үйінде отырады. Қаншама курс оқыған, бірақ әлі бірде-бірін кәдеге асырмаған. Сондықтан, маған "осы курс оқи беру деген де ауруға айналған-ау?", - деген ой келді. Өйткені бұл бірінші адам емес, осынша бағаға курс оқыдым деген. Әлгі курстардың атын етсісең, "Сана трансформациясы", "Қылықты келіншек", "Воронка" тағысын тағы... Атынан ат үркеді. Адамды қызықтырып, соны оқысаң, өмірің өзгеріп кететндей қылып төндіріп қояды. Қаншама қыз-келіншек соларды қарызға болса да оқып алады да, сосын бір күні "чудо" болатындай күтеді.Меніңше, курс сату да бір алаяқтықтың бір түрі. Адамдарды алдап-арбап уыстарына түсіріп алып, қаншама миллиондар тауып жатыр. Олардың шаруасы жоқ, ертең сен содан нәтиже шығарасың ба жоқ па? Түк ештеңе істей алмасаң, өзіңді кінәлайды. "Дұрыс оқымағансың, мен саған пәлен миллионға алған білімімді арзан бағаға бердім", - деп. Еще "Миллиондарға миыңды үйрет" дейтінін қайтерсің. Как-буд-то сол миллиондарды олар біреуге беріп емес, өздері тауып жатқандай көрсететінін. Әншейінде кәсіп бастағандарға күн бермейтін салық комитеті қалайша осындай курс сатқыштарды көрмей қалды дейсің ғой?!. - деп жазды журналист.