Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Несі бар, тәжірибесі бар жігіт". Әкім Қоянбаевты өзіне неліктен кеңесші қылғанын түсіндірді

19:58, 02 шілде 2024 517

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаевты неге жұмысқа шақырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

ulysmedia.kz арнасының хабарлауынша, Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған.

Тәжірибесі бар жігіт. Ондай азаматтарды тегін жұмыс істеуге неге тартпасқа? - деді әкім.



Еске сала кетейік, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген.
1996-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде білім алған.

2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясында қаржы және несие факультетінде оқыды.

2012-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Бұған дейін ол ҚР Президенті Телерадиокешенінің креативті директоры, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған.




Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар