Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Неге шыға алмағаны сұрақ туғызады…»: Министрлік үш баланың өмірін қиған өрт туралы мәлімдеме жасады

14:12, 16 сәуір 2026

Төтенше жағдайлар министрлігі Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған қайғылы оқиғаға қатысты алдын ала деректерді жариялады, деп жазады Alash.kz.

Мамандардың пайымдауынша, тілсіз жау туралы хабарлама кезекші бөлімге тым кеш түскен, бұл құтқару жұмыстарының тиімділігіне әсер еткен болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу органдары үш баланың өмірін қиған апаттың себебін және отбасы мүшелерінің қауіпті аймақтан неліктен дер кезінде шыға алмағанын зерттеп жатыр.

Өрт сөндіру қызметінің өкілдері оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаларға сүйеніп, мамандар келгенше жалынның пәтерді толық шарпып үлгергенін айтады. Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Әйгерім Райымқұлова қалыптасқан жағдайды былай деп сипаттады:

«Саты орнатуға тырысқан сәттер түсірілген көптеген видеолар бар, терезеден лаулаған өрттің шығып жатқанын өздеріңіз де көрдіңіздер. Бұл өрт туралы хабардың әлдеқайда кеш берілгенін аңғартады. Түтін қаптаған ортада адамның көз жұмуы үшін 10 минуттың өзі жеткілікті. Алдымен денесі кішірек балалар, содан кейін ересектер көз жұмады. Алайда әйел адамның аман қалғанын ескерсек, олардың үйден неге шыға алмағаны сұрақ туғызады».

Бұл оқиға 12 сәуірге қараған түні орын алып, салдарынан ең кішісі екі жасар болып келетін үш бала қаза тапты. Мамандар түтін концентрациясы жоғары жағдайда бала ағзасының өте әлсіз болатынын алға тартады. Қазіргі таңда анықтау органдары аман қалған әйелдің жағдайын және үй ішіндегі қозғалысқа кедергі болған факторларды тексеріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар