Айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек биліктің не үшін Назарбаевтан Тоқаевқа өткені туралы пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Ол Тоқаевтың бойындағы қай қасиетін бағалайтынын ашып айтып, барлық қазақ сондай бола білу керектігін жеткізді. Бұл туралы Мұхамеджан Тазабек журналист Жанар Байсеміздің YouTube каналына берген сұхбатында мәлімдеген.
“Небір жас, тасқындап тұрған шенеуніктер болды ғой. Бірақ, неге Назарбаев билікті Тоқаевқа қалдырды? Бұл жердегі басты қасиет - мәмілеге келе білу. Яғни, дипломатия. Біз сияқты отаршылық көрген, езгі көрген халық үшін мәміле жасай білу маңызды” дейді Мұхамеджан Тазабек өз сөзінде.