Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Неге бес мың жылдық тарихымыз туралы әнұран жазбаймыз?". Садыр Жапаров жаңа гимннің ұлттық рухты көтеретінін айтты

20:32, 31 қазан 2024 432

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекетіндегі "Хабар" ақпараттық агенттігіне берген сұхбатын ел әнұранын өзгертуге қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Естеріңізде болса, бұған дейін Жоғарғы кеңес спикері Нұрланбек Шакиев ел әнұранның мәтінін 90 жастағы азаматтар да айта алатындай етіп өзгертуді ұсынған болатын.

Президент бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

"Егер әнұран өзгертілсе, жақсы болар еді. Оны жаңартудың қандай жаман жері бар? Бұл әнұран 33 жыл бұрын, республика тәуелсіздік алған кезде жазылған. Бірақ содан бері 33 жыл өтті, біз толыққанды мемлекетке айналдық, бізді бүкіл әлем біледі. Екі жүз жылдан кейін біз бостандық пен тәуелсіздікке қол жеткізгеніміз туралы ән айтамыз ба? Неліктен біз болашақ ұрпақ үшін халқымыздың бес мың жылдық тарихы бар екендігі туралы Әнұран жазбаймыз? Әрине, қазіргі әнұран ұмытылмайды. Ол тарихта республикамыздың алғашқы Әнұраны ретінде қалады", - деді президент.

Сонымен қатар, президент өткен жылы Қырғыз республикасының туы өзгертілгенін еске салды. Бұл бастаманың сынға ұшырағанын жеткізді.

"Ту өзгерген кезде кейбір демагогтар, популистер де қарсы болды. Бірақ біздің жаңа туымыз жаман болып шықты ма? Алдыңғысынан әлдеқайда жоғары. Ескі жалауда күннің бейнесі күнбағысқа немесе араның тістеріне ұқсайды. Енді нағыз күн сәулесін көруге болады", - деді Садыр Жапаров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар