Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Негатив жазып, апаттан абырой жинамай-ақ қояйық - Бағлан Әбдірайымов

11:47, 11 сәуір 2024 524

Әнші Бағлан Әбідірайымов өз интаграм парақшасында су тасқынынан зардап шеккен халықты одан әрі ызаландырып, түрлі видеолар салуды қысқарту керегін айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол өз жазбасында Қасиетті Рамазан айы аяқталып, еліміздің көп өңірін топан су басып, халықтың басына қара бұлт үйілгенін айтты. Дәл осы сындарлы уақытта хайп қуып, негатив пікірлермен халықтың ашуына тимеуге кеңес берді. 

"Айтып келмейтін апат Батысымызды басты, Солтүстігімізді шайып жатыр. Амал нешік, табиғи апат Алланың қалауы дейміз… Бұл күн де өтер, біз жиі айтатын бір қиындықтан кейін екі жеңілдік бар екені анық. Күн жылып, су сіңіп, апатты аймақтардағы қираған үйлер қайтадан қалпына келтірілер. Осы тұста хайп қуып, қасірет үстіне неше түрлі прикол сөздерді қосып, негативті видеолар таратып жатқан жандарға, апаттан абырой жинамай-ақ қояйық, - дегім келеді. Одан охватың артып, оқырманың көбеймейді. Бәрі біткесін әлеуметтік шығынға ұшыраған халықтың талабын мемлекеттен сауатты түрде талап етіп, қайта өндіріп алатын боламыз, ат салысайық!",-деп жазды ол желіде.

"Қуанышты бөліссең көбейеді" дегендей Бағлан Әбдірайымов негатив пікірлердің орнына қиын-қыстау заманда халыққа азық-түлік, гуманитарлық көмек жіберіп жатқан жандар туралы жазып, күшіміз бірлікте екенін көрсету керектігін жазды.

"Сондықтан болатын іске көшейік. 10 тонна азық-түлік жинап, батысымызға жөнелтіп жатқан Малик Хасенов секілді қаншама танымал тұлғалар сбор ешіп, етігімен су кешіп, ел арасында жүр. Сондай ерлікті айтайық. Он тонна азық түлікті тік ұшақпен жедел жеткізуге атсалысқан мемлекеттік органдардың ісін айтайық. “Қуанышты бөліссең көбейеді, қайғыны бөліссең азаяды”,- деген емес пе?! Қуанышты күніміз алда!
Сабыр етейік. Еліміздің еңсесі түспесін!",-деп сөзін аяқтады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар