Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Не туралы сөйлестіңдер?!: Зеленский Трамптан түсініктеме талап етті

10:36, 19 наурыз 2025 680

Зеленский Путин мен Трамптың келіссөздерінен кейін АҚШ-тан түсініктеме талап етті, деп хабарлайды Alash.kz.

Путин мен Трамп арасындағы әңгімеден бірнеше сағат өткен соң, Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тан түсініктеме күтетінін мәлімдеді.

Хельсинкиге сапары барысында Зеленский журналистерге Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына соққыларды тоқтату идеясына қолдау білдіретінін айтты.

Бұл бастама Ресей тарапынан да осындай қадам жасалса ғана жүзеге аспақ. Алайда ол келіссөздердің егжей-тегжейін білгісі келетінін жеткізді.

“Біз үшін АҚШ президенті Трамппен тікелей сөйлесу маңызды. Сол кезде ғана Ресей мен АҚШ нақты не талқылағанын түсіне аламыз”, – деді Зеленский.

Кейінірек ол Путиннің бейбітшілікке дайын екендігі туралы мәлімдемесіне қарамастан, Ресейдің Украинадағы азаматтық инфрақұрылымға шабуылдарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

“Путин толыққанды бітімге келу туралы ұсыныстан іс жүзінде бас тартты. Әлем оның соғысты созуға бағытталған кез келген әрекетін қабылдамауы керек”, – деді Украина президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар