Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Не масқара мынау?". Балалақшада бүлдіршіндерді "үйлендірмек болғандардың" оғаш әрекеті елді ашуландырды

10:40, 26 қазан 2024 985
 
 
 
Балалақшалардың бірінде болған үйлену жайлы көрініс көпшіліктің ызасын тудырды. "Беташар жасағандардың" бейнесі желіде тараған. Тәрбиешілер
балаларға келін түсіріп, беташар жасатқан,  деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.
 
Желіде қойылымының видеосы тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бұл туралы видеоны журналист Гүлмира Әбіқай өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Бейнежазбадан кішкентай қыздың бетіне ақ орамал жауып, бетін ашып жатқан сәтті көруге болады. Ұл мен қыздарға қазақ киімдерін кигізіп қойған.
 

Желі қолданушылары балабақшада беташар жасап, кішкентай қызды келін болуға үйреткен тәрбиеші мен балабақша басшылығына ашуланды. Олар “мынау не масқара, енді қалай төсекке жатып, бала жасауды үйрету қалды”, “бастары істей ма, таза қуады екен тәрбиешілер”, “ақымақтар одан да горшокқа отыру мен сөйлеуді үйретсін да. Масқара мынау енді басқа қалмады ма” деген пікірлер қалдырған.
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар