Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Не деген жомарттық: Баян Алагөзованың күйеуі 100 қызметкеріне пәтер сыйлады

19:00, 26 мамыр 2025 1843

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов ерекше қайырымдылық жасады, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ол өзі басшылық ететін компания өз қызметкерлеріне Алматы қаласынан пәтер сыйлады. 

Компания көптен бері адал қызмет еткен жандарға өз атынан үй сыйлады. Кәсіпкер бұл идеяны бұрыннан ойлап жүргенін жариялады.

Жары Баян Алагөзова да қуанышты жаңалықты желіде бөлісті.

Бүгін пәтер алған барлық қызметкерлер үшін қуаныштымын. Әсіресе, күйеуімнің жомарт және мейірімді болмысы үшін өте қуаныштымын. Ол әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, компаниясында жұмыс істейтін қызметкерлерді ойлайды. Президентіміз бизнес өклідерінің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы жиі айтады. Сондықтан басқа кәсіпкерлерді де осындай жауапкершілікті сезінуге шақырамын, - деді Баян Алагөзова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар