Бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Назым Қызайбайдың жеке бапкері Долкунжан Камеков сұхбат беріп, жарыс қорытындысы жайлы өз пікірін білдірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Жалпы, Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатысып, алтауы жүлдегер болды – 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Менің шәкірттерім – үш спортшы, барлығы медаль алды: Алуа Балқыбекова – алтын, Назым Қызайбай – күміс, Елдана Тәліпова – қола еншіледі. Рефери кімнің қолын көтерсе, сол жеңді. Біз нәтижені өзгерте алмаймыз. Бірақ мен Назым финалды ұтты деп сенемін. Дегенмен төрешілер басқа шешім қабылдады", – деді Долкунжан Камеков Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.