Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтады, деп жазады Alash.kz.
“Құрметті арулар, қадірлі аналар мен әпке-қарындастар!
Сіздерді көктемнің ең шуақты мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әр шаңыраққа қуаныш, махаббат пен береке әкелетін нәзік жандыларға алғысым шексіз.
Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, шабыт және әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпеуін тілеймін.
Көктемнің жылы лебі өмірлеріңізге қуаныш пен жарқын сәттер сыйласын!”- деп жазды әнші.