Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаевтың бұрынғы құдасы Асқар Ақаев “экс-президент” атағын қайта беруді өтінді

15:10, 05 қыркүйек 2024 751

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев жоғары кеңеске экс-президент мәртебесін қайтаруды сұрап өтініш білдірді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент жөніндегі парламент комитетінің төрағасы Чолпон Сұлтанбекова мәлімдеді. 

Сұлтанбекованың айтуынша, Ақаевтан хат оған 5 қыркүйек күні таңда келіп түскен. Ал Жогорку Кенештің спикері Нұрланбек Шәкіевтің атына 30 шілдеде келіп түскен. Депутат Ақаевқа экс-президент мәртебесін қайтару мәселесі күн тәртібіне еніп-енбейтінін және қашан талқыланатынын түсіндірді.

«Алдымен фракциялар, олардың жетекшілері және депутаттармен келіссөздер жүргізіледі. Осыдан кейін мәселені талқылауға шығаратын күнді жариялаймыз», – деп түсіндірді ол.

Асқар Ақаев – тәуелсіз Қырғызстанның алғашқы президенті. Ол республикаға 1990 жылдан 2005 жылға дейін басшылық етті. 2005 жылғы 24 наурызда Ақаевтардың отбасылық билігіне қарсы бағытталған халықтық көтеріліс нәтижесінде ол президенттік қызметтен құлатылды. Сол жылы Жогорку Кенеш оны «алғашқы президент» мәртебесінен айырды. 2010 жылы уақытша үкімет те өзінің жарлығымен Асқар Ақаевты «экс» мәртебесінен айырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар