Қазақтың жыр аққуы атанған ақын, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марфуға Айтқожина сұхбат берді. Сұхбатта Назарбаев жайлы сөз қозғады, деп жазды Alash.kz.
Ақын заманында Назарбаевты ұлықтаған шығармашылық иелері жайлы айтты:
- Назарбаевқа "Сіз біздің аспандағы күнімізсіз" деп айтқан қыздар да болды. Олардың атын атап қажеті жоқ, - деді жыр аққуы.