Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев университетін Ұлыбритания азаматы басқарады

09:18, 29 маусым 2024 525

Назарбаев университетіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ұлыбритания азаматы, доктор Ахмад Вакар Назарбаев университетінің президенті болды. Бұл шешімді НУ қамқоршылық кеңесі қабылдады.

Ахмад Вакар 2017 жылдан бері Абу-Даби университетінің ректоры болған. Оның басшылығы кезінде Абу-Даби университеті Times Higher Education беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең жақсы университеттер арасында 250-300 орынға жетті.

Сондай-ақ жаңа басшы беделді ғылыми журналдарда жарияланған 90-нан астам ғылыми еңбектердің авторы.

Доктор Вакар мансап жолында Йорк университеттерінің профессоры, Мидлсекс университетінің проректоры болды. 

2001 жылдан 2004 жылға дейін Ұлыбритания премьер-министрі кеңсесінде ғылым департаментін басқарды.

2017 жылдан Абу-Даби университетінің ректоры. Оның басшылық ету кезеңінде жоғары оқу орны Times Higher Education беделді рейтингіне сәйкес әлемнің үздік университеттері арасында 250-300 орындардан көрінді.

Еске сала кетейік, Назарбаев Университетінің бұрынғы президенті Шигео Катсу 2023 жылдың маусым айында отставкаға кетті. Содан кейін Илесанми Адесида міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар