"Найман". Министр Кәрім Мәсімовтің руына қатысты сұраққа жауап берді
19:04, 23 шілде 2024
575
фото: ашық дереккөз
Бүгін Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәжілісінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бұрынғы ҰҚК басшысы кәрім Мәсімовтың руына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Qaz365.kz-ке сілтеп.
Өйткені бұған дейін дәрігер Арай Төлемісова Кәрім Мәсімовтің ұйғыр емес, қазақ екенін айтқан. Ол емделушісінің медициналық картасындағы мәліметтерге сүйенген.
«Мен ол подкасты көрген жоқпын. Қосымша ақпарат айтайық. Медициналық құжаттарда рудың жазылуына байланысты ешқандай шарт жоқ. Сондықтан қосымша ақпарат беру керек болса, жібереміз», – дейді Ақмарал Әлназарова.
Айта кетейік, былтыр сәуір айында Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті және қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылған.