Алексей Навальный 1 наурызда Мәскеу маңындағы Борисов зиратында жерленеді.
Бұл туралы саясаткердің баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады.
Алексей Навальныйды жерлеу рәсімі 1 наурызда сағат 14:00-де Марьинодағы «Менің қайғымды сөндір» Құдай Анасының Иконасы шіркеуінде өтеді, делінген хабарламада.
Бұған дейін саясаткердің мүрдесін туыстарына бермей жатқаны айтылған. Ал,анасы Людмила Навальная құқық қорғау органдары ұлын құпия жерлеу туралы шарт қойғанын мәлімдеген.